Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі болып тағайындалды
Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі болып тағайындалды.
« Мемлекет басшысының жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды» делінген құжатта.
Руслан Жақсылықов 1966 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1987 жылы И.С.Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін, 1996 жылы М.В.Фрунзе атындағы әскери академияны, 2004 жылы Ресей Федерациясы ҚК бас штабы әскери академиясының жоғары академиялық курстарын тәмамдаған.
1987-2006 жылдары Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлері взвод командирінен бригада командиріне дейін әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
2006-2007 жылдары Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлер қолбасшысының орынбасары, 2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлер қолбасшысының бірінші орынбасары – ішкі әскерлер бас штабының бастығы, 2008 жылғы қыркүйектен бастап ҚР ІІМ ішкі әскерлерінің қолбасшысы, 2013 жылғы қаңтардан бастап ҚР ІІМ ішкі әскерлерінің бас қолбасшысы, 2014-2021 жылдары ҚР Ұлттық ұланының бас қолбасшысы, 2021 жылғы қыркүйектен бастап ҚР ішкі істер министрінің орынбасары қызметтерін атқарды.
2022 жылғы 19 қаңтарда президенттің жарлығымен Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі болып тағайындалды.
Ал 2023 жылғы 3 сәуірде Тоқаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі болып қайта тағайындалған еді.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды