Рудныйда Украина және Қазақстан туларының түстеріне боянған «Масленица қуыршағы» өртеді
Фото: Facebook/ Ғалым Агелеуов
Украина және Қазақстан туларының түстеріне боялған дәстүрлі қуыршақ Қостанай облысы Рудный қаласының орталығында өртенді, деп хабарлайды Orda.kz.
Масленица мерекесі кезінде дәстүрлі қуыршақ көк және сары түсті киім киген. Оқиға орнынан түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде тез тарап, қоғамда үлкен резонанс тудырды.
Оқиғаға қатысты құқық қорғаушы, «Либерти» қоғамдық қорының президенті Ғалым Ақелеуов бұл жағдай Қазақстандағы идеологиялық жұмыстың толық күйреуін көрсететінін мәлімдеді.
«Рудныйда көк-сары түстерде қуыршақ өртенді – бұл Қазақстан мен тәуелсіз Украина туының түстері. Бұл қалада басқа түстер табылмаған сияқты. Біз «қазіргі» және «тәуелсіз» Қазақстанның идеологиясының толық күйреуі туралы айтуға болады. Ресейшіл империялық көзқарастар өз жемісін беруде – телеарна мен жергілікті билік ресми идеологтарды оңай жеңіп шықты. Бұл кездейсоқтық па? Жоқ, олай ойламаймын. Себебі көк аспан мен күннің түстері тікелей көктемнің келуімен байланысты, ал оны шығарып салумен емес», – деді ол.
Журналист Серғали Балажанның айтуынша, қуыршақ өртеуге ондаған, тіпті жүздеген адам қатысқан.
«Онсыз да бүкіл әлем жабылып соғысты тоқтата алмай отырғанда, рудныйлықтардың бұл әрекеті нағыз арандатушылық! Тағы бір айта кететін жайт, Рудный әкімі украин ұлтының өкілі. Ол өте іскер маман. Бірақ осы әрекеттің астарында мазақтау бар ма?» деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Балажанның пікірінше, кез келген өркениетті елде осындай оқиғадан кейін аймақтағы идеологияға жауапты шенеуніктер жауапқа тартылуы тиіс.
Orda.kz редакциясы осы жағдай бойынша Қостанай облысының әкімдігіне сауал жолдады.
Жаңалықтар
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды