Ұрланған заттарды сатуға тырысып жатқандар көбейді
Қазақстанда ұрланған заттарды сатқандар мен сатып алғандар үшін қылмыстық жауапкершілік баптары бар.
Алматыдағы қаңтар оқиғасы кезінде тонаушылар жүздеген шағын және орта бизнесті, соның ішінде сауда нүктелерін, дәмханалар мен мейрамханаларды, кеңселерді қиратып, тонап кетті. Осыдан кейін бірден жарнама орналастыруға арналған интернет-ресурстарда тұрмыстық және электронды техника, киім, аяқ киім, зергерлік бұйымдар және басқа да тауарларды сату бойынша ұсыныстар қаптап кетті.
Негізінен елміздің заңында бөтеннің ұрланған мүлкін сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Сонымен қатар оны сатып алғандар да жауапқа тартылады.
Тауардың ұрланғандығына не таза екендігіне көз жеткізу қажет
Интернетте ұрланған тауарларды тез сатқысы келетін тәжірибесіз сатушыларды анықтау қиындық тудырмайды. Олар барлық қолжетімді заттарды бір жарнамаға орналастырады. Яғни санат бойынша бөліп жатпайды. Мұндай хабарландырулар авторлары барлық тауарлардың жалпы бағасын белгілейді. Әрине, олар тауардың түпнұсқалығын және кепілдіктің болуын растайтын қажетті құжаттарды ұсына алмайды.
Тауар бағасының нарық бағасынан әлдеқайда төмен болуы да күдіктенуге мүмкіндік береді.
Сатып алу кезінде талап етілетін құжаттар
Егер сіз тауарды дүкеннен немесе оның ресми сайтынан емес, жарнама арқылы сатып алсаңыз, жеке сатушыға ресми импорттаушы сияқты қарау керек.
Іс насырға шаппас үшін сатушыдан сатушының тауарды сатып алғанын және оның шығу заңдылығын растайтын құжаттарды: чектерді, түбіртектерді, шарттарды талап ету қажет. Сонымен қатар сатушының байланыс деректерін біліп, жазып алыңыз: телефоны, поштасы, қаласы және тауарды алған мекен-жайы.
Қазақта «Бүлінгеннен бүлдіргі алма» деген аталы сөз бар. Ең маңыздысы арзандығына қызығып, ұрынып қалмау керек. Ертең тергеу орындары оны сатқан адамды ғана емес, сатып алған адамды да шақырып, тергеуге құқылы екенін ұмытпаңыз.
Ұрланған затты сатқандарға қарастырылған айыппұл көлемі
Қазақстанның Қылмыстық кодексінде 196-бап «Қылмыстық жолмен алынған мүлікті иемдену немесе сату» бар. Онда 160 АЕК-тен 4000 АЕК-ке дейін (490 мың – 12,2 млн. теңге, немесе 1,1-28,2 мың доллар) айыппұл түріндегі жаза қарастырылған. Ең жоғары жаза – бес жылға дейін бас бостандығынан айыру.
Осы тұрғыда заңгер Евгений Яворский 31 арнаның «Информбюро» бағдарламасында бейберекетсіздікті пайдаланып дүкендерді тонағандарды қандай жаза күтіп тұрғаны туралы ойымен бөліскен болатын.
— Оларға «Тонау» (Қылмыстық кодекс, 191-бап), «Тонау» (ҚК 192-бап) және ұрланған заттарды сатып алу (ҚК 196-бап) бойынша сотталады. Қылмыстық жолмен саналы түрде алынған мүлікті иемдену немесе сату») біліктілігіне қарай үлкен көлемдегі айыппұлдар салынуы мүмкін.
Сондай-ақ, талан-таражға салу (мародёрство) қолданылмайтынын айтқым келеді, өйткені ол соғыс уақытында қолданылады. Ал соғыс, Құдайға шүкір, бізде болған жоқ, - деді заңгер Евгений Яворский.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық