Ринат Зайытов Болат Назарбаевтың ұлының мүлкіне толық тексеріс жүргізуді талап етті
Коллаж: Orda.kz
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Назарбаевтар әулетінің заңсыз иеленген активтері ісіне байланысты бас прокурор Берік Асыловқа депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның айтуынша, жуырда сот Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаевтан 57 млрд теңге көлеміндегі активтерді алып, 925 млн теңге айыппұл және 230,4 млн теңге көлемінде өтемақы өндіру туралы шешім шығарған. Қазіргі уақытта оның барлық есепшоттары мен компанияларды басқару құқығы бұғатталған.
Зайытовтың сөзінше, тәркіленген активтердің тізіміне базарлар мен жер учаскелері, соның ішінде атышулы «Алтын Орда» базары кірген-кірмегені әлі белгісіз. Процестердің жабық өтуі қоғамда сенімсіздік тудырып отыр.
- Депутат келесі талаптарды қойды:
- Назарбаевтар әулетінің барлық активтеріне түгендеу жүргізу;
- Заңсыз иеленген мүлікті мемлекетке қайтару;
- Тәркіленген активтер туралы толық ақпарат жариялау;
- «Алтын Орда» базары мен Алматы қаласы және облысындағы жерлері бойынша тергеу бастау.
«Азаматтар қайтарылған активтердің шын мәнінде ел игілігіне жұмыс істеп жатқанын және кінәлілердің жауапқа тартылатынын білуі тиіс», – деді Зайытов.
Еске салсақ, Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаев 57 млрд теңге көлеміндегі активтерінен және бизнесін басқару құқығынан айырылды.
Жаңалықтар
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?