Риддердегі өрттің ықтимал себептері белгілі болды: күдікті қамауға алынды

cover

Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің шығуына себепкер болған күдіктінің ұсталғаны туралы хабарланды. 

— Бұл мәселе ТЖМ құзырына кірмейді. Біздегі мәлімет бойынша, Ішкі істер министрлігі бір адамды ұстаған. Алдын ала мәлімет бойынша ол кісі далада от жаққан. Толық ақпаратты Ішкі істер министрлігінен біле аласыздар, - деді Талғат Уәли БАҚ өкілдеріне.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли БАҚ өкілдеріне Риддер қаласының Лесхоз кентіндегі орман өртінің алғашқы ықтимал себептерін айтып берді.

— Алдын ала берілген ақпарат бойынша мамандар қасақана өртеу немесе өрт қауіпсіздігін сақтамау нұсқаларын қарастыруда. «Қазивиаорманкүзетінің» Ми-8 тікұшағымен өртті әуеден сөндіру жұмыстарының нәтижесінде бүгін сағат 07.00-де елді мекен аумағындағы өрт сөндірілді. Орманның  өрт шыққан аумағында  ашық жану жоқ. Қазіргі уақытта жекелеген учаскелерде ағаш діңдерін сөндіру жүргізілуде, - деді Талғат Уәли.

Ресми өкілдің мәліметінше, зардап шеккендердің саны бұрынғыдай. Бір адам көз жұмып, екі адам ауруханаға түскен.

— Риддер қалалық ауруханасына 6 адам жүгінді, оның екеуі травматология бөліміне жатқызылды. Қалғандарына жедел жәрдем бөлімінде көмек көрсетілді, олар амбулаториялық емделуге жіберілді, - деп хабарлады әкімдік.

Әкімдік зардап шеккендердің барлығына көмек көрсетілетіндігін хабарлады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар