«Ресейшіл, сатқын екенмін»: Иманғали Тасмағамбетов мәлімдеме жасады
Коллаж: Orda.kz
ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов «Известия» басылымына берген сұхбатынан кейін әлеуметтік желіде тараған «Қазақстан әскері Украинадағы соғысқа жіберіледі» деген ақпаратқа үнсіз қалмай, өзіне тағылған айыптауларға жауап берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Тасмағамбетовтің мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол. Ол бірнеше министрлікті басқарды, ірі қалаларға әкім болды, тіпті премьер-министр қызметін де атқарды.
Ол өзіне жабылған жаланы жоққа шығарды.
«Әлеуметтік желіге сенген кейбір адамдар үндемегенді басқа теуіп, табанына тастауға даяр, жағадан алып, жаныштауға құмар екендігіне көзім әбден жетті. Сондықтан да азды-көп абырой, атымды болымсыз ортаның саудасына салмай, барша айып таққыш жаранға бір жауабын берсем деп шештім», – деп ашық айтты.
Саясаткер өзінің қазақтың тәрбиесін көрген, ұлттық мәдениетті бойына сіңірген адам екенін тағы бір мәрте еске салды.
«Шыңғыс Айтматов айтқан: «Жеті атасына тамыр жібермеген адам – жетесіз. Оны білмеген жерден әдепсіз қылық пен арам істен жиіркенбеу басталады» деген екен. Қарапайым да, қатал елдік философияны үлкендердің аузынан көп естіп, шыққан тегін, барар жерін, жақын мен жатты айыруды біліп өскендердің қатарынанмын», – деп, өзінің кім екенін қайта айқындап берді.
Бірақ соған қарамастан, оны «ресейшіл» деп айыптап, елді соғысқа итермелеп жатыр дегендерге былай деп жауап берді:
«Туған жеріне салмағы жоқ, жел айдаған дәнсіз қауыз тәрізді кейбір бақытсыз жандар үшін мен ресейшіл, сатқын екенмін. Сонда қалай?! Келісім сөздің күші емес, зымыранның мысы басып тұрған мына заманда халықаралық әскери ұйымға туған елімнің атынан барып, қауіпсіздік үшін отқа, мүдде үшін суға түскенім үшін бе? Егер дәл солай болса, онда мен заманында «орысшылсың» деп айыпталған ұлы Абайдың сөзімен қайырайын: «Адамнан надан артпас ұққанменен, Тағдыр көрмей қоймайды бұққанменен» дейді. Яғни, жүрегің азаптан жарылайын деп тұрса да, қадіріңді білмегеннің алдында еңсеңді түсірме деген. Сондықтан түсінгендерді бағалап, түсінбегендерді саралап өтетін өмір бұл»,
– деді Тасмағамбетов.
Оның сөзіне сенсек, соғыс – ешкім қаламайтын нәрсе.
«Мен қолыма қару алып оқ атпасам да, жауынгершілік заманның зардабын, соғыс атаулының зар заңын жақсы білетін, жастайымнан жаным сезетін жандардың бірімін. Өйткені, әкемнің екі ағасы Ұлы Отан соғысында қаза болған. Қазір адамзат әлемі бұрын-соңды болмаған соғыс қаупінен арылмай тұр. Бұл соғыста жеңімпаз болмайды, бәрі де жеңіледі. Мұндай жағдайда біреудің сойылын соғу – нағыз соқырлық, ал өз ұлтына соғыс тілеу – қаныпезерлік болар еді», – деп мәлімдеді саясаткер.
Иманғали Тасмағамбетов бұл мәлімдемесінде тек өзін қорғап қоймай, халықты ақылға шақырды.
«Осыдан кейін өз қазағын соғысқа тартып жатыр деген қасаң әңгімеге қалай шыдайсың?! Білем, тұтас ойдан оймақтай сөзді жұлып алып, жаранға жар салатындар болған, бола да бермек. Өз тарапымнан халқыма айтарым, ағайын, не нәрсеге де ақылмен қарайық. Ал ақылды сақтайтын мінез деген сауыт бар, сол мінез бұзылмасын. Әрине, әлеуметтік желіде отырып мән-жайды анықтамастан жалған ақпарат тарату өте оңай. Қиыны – ар алдындағы жауап. Әбіш Кекілбаев ағамыз айтпақшы, арлы адам – ең күшті адам. Өйткені ол өткінші бақыттың, өткінші қайғының ырқына мойынсұнбайды. Сондықтан да оның тағдыры қиын болуы, ауыр болуы мүмкін, өкінішті болуы мүмкін емес. Менің де өмірімдегі ел-жұртым сеніп, мойныма артқан қай қызмет, қандай жұмыс болсын ұялатын жерім жоқ. Мен үшін халқымыздың мүддесінен биік ешнәрсе болған емес. Бүгін де елден жырақ жүрсем де туған елдің әрбір жетістігі мен жемісі мәнді, сағынышы тәтті. Әрине, мен үшін еліміздің сенімінен шығу жолында мемлекетіміздің мүддесін сыртта сақтап, жүргізудің маңызы өте зор. Оған қоса мұндай мәртебелі міндеттің үдесінен шығуда халқымыздың рухани қолдауы қашанда қымбат», – деді ол.
Сөз соңында ҰҚШҰ бас хатшысы Ораза айт мерексімен құттықтады.
«Ардақты ағайын, Ораза айт құтты болсын! Ұстаған оразаларыңыз, ізгі тілектеріңіз қабыл болсын! Еліміз аман болсын!», – деп түйіндеді сөзін.
Жаңалықтар
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті ісі: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды
- Ақтөбеде әскери қызметкер кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін 15 жыл 6 айға сотталды
- Норвегияда АҚШ елшілігі жанындағы жарылысқа қатысты үш адам ұсталды
- Алматыда қалың қар жауып, бір тәулікте 62 жол-көлік оқиғасы тіркелді
- ҚР СІМ: Қазақстан мобилизациядан қашып келген ресейліктерді жаппай қайтарып жатқан жоқ