Ресейлік келіншек 59 жыл іздеген анасын Қазақстаннан тапты

cover Фото: Polisia.kz

Ресейлік келіншек 59 жыл іздеген анасын Астанадан тапты, деп хабарлайды Orda.kz.

ІІМ-нің мәліметіне қарасақ, биыл наурыз айында полиция пунктінің қызметтік нөміріне 59 жастағы Ресей Федерациясының азаматшасы хабарласқан. Ол полицейлерден анасын табуға көмектесуін сұраған. Астаналық полицейлер тексеру жүргізіп, әйелдің туысын анықтай алды. Осылайша ресейлік келіншек Қазақстанға ұшып келді. Ол анасын көп жыл бойы таба алмай жүрген. 

«Мен тіпті адамдарды іздеумен айналысатын телебағдарламаға да жүгіндім, бірақ ешқандай нәтиже болмады», — деді ресейлік әйел. 

Кезінде перзентінен көз жазып қалған 78 жастағы ана көз жасын тыя алмады және полицейлерге алғысын білдірді. 

Еске салайық, Ресейлік қазақ Тасболат Ибрашев 3 ақпанда Украинадағы соғыста көз жұмды. Ресей президенті Владимир Путин 12 наурызда Курск облысына барды. Путин Курскіде украин сарбаздарына аяушылық танытпауға бұйрық берді.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар