Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады

cover Фото: Бейнеден кадр

Ресей Федерациясы көлік министрлігі мәліметінше, 3 наурызда Мальта маңында ресейлік «Арктик Метагаз» газ таситын көлікке шабуыл жасалған, деп хабарлайды Orda.kz. 

Министрлік мәліметіне сәйкес, шабуыл Ливия жағалауынан Украинаға тиесілі экипажсыз катерлер арқылы жасалған. Кемеде 30 экипаж мүшесі болған. Олардың барлығы құтқарылды. Ведомство бұл оқиғаны халықаралық терроризм мен теңіз қарақшылығы көрінісі деп санайды.

Айта кетейік, өткен жылдың соңында Украина Қарулы күштері Қара теңізде бірнеше танкерге шабуыл жасаған болатын. Президент Владимир Путин қарсы тараптың әрекетін қарақшылық деп атады. Ақпанда Теңіз алқасы төрағасы Николай Патрушев Ресейде сауда кемелерін күштік жолмен қорғау шаралары әзірленіп жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл ұсыныстар жуық арада президентке таныстырылады.

Патрушевтің сөзінше, Батыс елдері Ресейдің сыртқы саудасын тұралатып тастау мақсатында кемелерге шабуылды жиілетуі мүмкін деген деректер бар.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар