Ресейдің жағдайы жақсармай, көзіміз ашылмайды: Шаруалар 7000 тонна пияз өнімін 30 теңгеден де өткізе алмай отыр
Фото: Orda.kz
Алматы облысы Шеңгелді ауылында шаруалар өсірген пиязын өткізе алмай әлек. Өнім қоймада жиналып қалғанымен, сатып алушы табылмай отыр. Фермерлердің айтуынша, пияздың өзіндік құны жоғары болғанымен, оны тіпті 30 теңгеден де өткізу қиын. Бұның себебін тасымалдаушы логистиканың жоқтығынан дейді. Orda.kz тілшісі оқиға орнына барып шаруалармен тілдесіп қайтты.
Бұл мәселе жыл сайын көтеріледі. Шаруалар басқа дәнді дақылдарды еккісі де келеді бірақ жердің құнарлылығы тек пияз өніміне арналған. Шаруалардың сөзінше, пияздың өзіндік құны шамамен жеті мың теңгеге дейін барады. Алайда қазір өнімді сату мүмкін болмай тұр. Нарықта сұраныс жоқтың қасы. Кейбір шаруалар амалсыздан трассаға шығып, жол бойында сатып жүр.
«Қоймадан пияздың келісі небәрі 30 теңгеден босатылып жатыр. Фермерлер мұны «таза символикалық баға» деп атайды. Өйткені Алматыда және Қазақстанның басқа өңірлерінде пияздың бағасы 100 теңгеден жоғары. Алайда логистика мәселесі мен делдалдардың көптігі салдарынан шаруалар 2025 жылғы өнімін нарыққа шығара алмай отыр. Қазір олардың айтуынша, қоймаларда пияздың көлемі жеткілікті, сапасы да жақсы. Бірақ соған қарамастан өнім өтпей тұр», – Думан есімді ауыл тұрғыны.
Оның айтуынша, Фермерлер ұзақ мерзімді келісімшартпен жұмыс істеуге дайын. Қалаған кәсіпкерлермен келісім жасап, кез келген көлемде ауыл шаруашылығы өнімін өсіріп беруге әзір.
«Жыл сайын өнім өсіреміз, бірақ өткізу мәселесі шешілмей келеді. Көп жылдан бері шаруалар осы проблемамен күресіп жүр. Ал су бағасы жоғары, себебі сорғы стансалары электр энергиясымен жұмыс істейді. Энергоресурстардың қымбаттауы су тарифіне де әсер еткен.», — дейді олар.
Шаруалар пияздың қымбатқа шығуының басты себептерінің бірі — су бағасы екенін айтады. Олардың айтуынша, су сорғы стансаларының бір бөлігі жекеменшікке өткен. Сол себепті шаруалар суды сол стансалардан сатып алуға мәжбүр.
Фермерлердің айтуынша, маңайдағы сорғы стансаларының кейбірі мемлекеттік, ал кейбірі жекеменшік. Биыл мемлекет тарапынан бірқатар стансаларды жаңғыртуға қолдау көрсетілген. Бірақ жекеменшік станса бұл бағдарламаға кірмей қалған.
«Соның салдарынан шаруалар суды қымбатқа алып отыр. Ал бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнын өсіріп жіберген. Қазір фермерлердің басты мәселесі — өнімді өткізу мен судың қымбаттығы болып отыр. «Жер бос жатыр, ақша жоқ»: Сонымен қатар өнімге қолданатын сапасыз дәрі мен қарыздың кесірінен егін еге алмай отырмыз», – деді шаруа қожалығының иесі.
Кейбір фермерлердің айтуынша, ауыл шаруашылығында тағы бір үлкен мәселе — сапалы препараттардың тапшылығы мен қымбаттығы. Соның салдарынан егінді қорғау қиын болып, ал қаржы жетіспегендіктен жердің бір бөлігі мүлде игерілмей жатыр. Шаруалардың сөзінше, қазір зиянкестерді жоятын тиімді дәрілерді табу қиын. Арзан препараттар бар, бірақ олардың сапасы төмен. Сондықтан олар қажетті нәтиже бермейді.
«Ал шетелден келетін сапалы дәрілер болса, өте қымбат. Оның үстіне, кейбірі қазір Қазақстанға мүлде кірмейді. Егер шаруалар қымбат препараттарды қолданса, онда егіннің өзіндік құны тым өсіп кетеді. Мұндай жағдайда өнімді нарықта сату тиімсіз болып қалады. Қазір жандықтарды жоятын жақсы дәрілер өте қымбат. Ал бізге келетін дәрілердің сапасы төмен. Сол себепті зиянкестерді толық жою қиын», — дейді шаруалар.
Фермерлердің бірі өзінде 200 гектар жер бар екенін айтады. Бірақ оны толық игеру мүмкін болмай отыр. Егер жер пайдаланылмаса, мемлекет оны қайтарып алуы мүмкін. Сондықтан шаруалар амалсыздан жерді өңдеуге тырысады.
Алайда негізгі мәселе — қаржының жетіспеуі. Егін егу үшін несие алу қажет, бірақ банктер жерді кепілге алмайды. Салдарынан шаруалар үйлерін немесе басқа мүліктерін кепілге қоюға мәжбүр.
«Егін егу үшін кредит аламыз. Бірақ оны қайтару да оңай емес. Ауылдағы адамдардың жартысы қазір қарызға батып отыр. Қаржының жетіспеуінен кейбір егістік жерлер бос қалып жатыр. Шаруалардың айтуынша, мемлекет тарапынан нақты қолдау жеткіліксіз. Соғыс бітпей, Ресейдегі жағдай тұрақталмай, біздің де көзіміз ашылмайтын сияқты», — дейді фермерлер.
Сонымен қатар олар кейбір жағдайларда экспортқа шектеулер қойылатынын айтады. Мысалы, ішкі нарықтағы бағаны төмендету үшін өнімді басқа елдерге шығаруға тыйым салынуы мүмкін. Фермерлер мұндай шектеулер ауыл шаруашылығы саласына қосымша қысым түсіретінін айтады. Олардың пікірінше, аймақтағы геосаяси жағдай да ауыл шаруашылығына әсер етуде.
Осы мәселе бойынша Қонаев қаласының әкімдігі пікір білдірді. Олардың пікірінше Қонаев қаласының Шеңгелді ауылдық округінде 2025 жылғы егіс құрылымына сәйкес 12 мың гектар алқап игеріліп, оның 450 гектарына пияз егілген (4 ЖШС, 2 СПК, 10 ШҚ). Жалпы 16 мың тонна өнім жиналып, орташа өнімділік гектарына 35,5 тонна болды.
Өнімнің 10 пайызы (1 600 тонна) ірі сауда желілеріне алдын ала келісімшарт арқылы өткізуге жоспарланған. «Фирма Алтай» ЖШС 1 200 тоннаны «Алтын Орда» базары арқылы сатуда. Күзгі жиын-терім кезінде пияз егістіктен 45–70 теңгеден сатылғанымен, бұл баға өзіндік құнынан небәрі 10–15 теңгеге ғана жоғары болғандықтан, шаруалар өнімді қоймаларға сақтауды жөн көрген. Округ аумағында сыйымдылығы 27 400 тонна болатын 7 қойма жұмыс істейді. Қазіргі таңда 3 970 тонна пияз сақтауда тұр.

Нарықтағы сұраныс толық қамтамасыз етілгендіктен, сауда айналымы баяулаған. Осыған байланысты әкімдік «Алтын Орда» базарында тегін сауда орындарын көбейтіп, қалған өнімді өткізу шараларын қолға алуда. Сонымен қатар Ресей, Моңғолия және Тәжікстаннан сатып алушылар тарту жұмыстары жүргізілуде. Шаруаларға сенбілік жәрмеңкелерде де өнімін сатуға мүмкіндік берілген.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Куба президенті Трампқа қатаң жауап қатты
- Тапқан пайдасы мемлекетке қайтарылды: Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған түркістандық сотталды
- Жанабыловтардың адвокаты прокурорды заңды бұрмалады және БАҚ арқылы қысым көрсетті деп айыптады
- Бектенов жаңа Конституцияны жаппай таралыммен шығарып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тапсырма берді
- Иран Лариджанидің өлімін растады, Израильге түнімен соққы жасалды — Таяу Шығыстағы жағдай
- Келінін құрыққа түсірген: Әзербайжанда президент отбасын бопсалаған адам ұсталды
- Заңсыз табыс — 128 млн теңге: Зергерлік бұйымдарды кепілге алып, ақша берген микроқаржы ұйымы тергеліп жатыр
- Еркебұлан Тоқтарға шүйліккен өзбек файтері сотталды
- Ресейдің жағдайы жақсармай, көзіміз ашылмайды: Шаруалар 7000 тонна пияз өнімін 30 теңгеден де өткізе алмай отыр
- Иран соғысында қол ұшын бермеген еуропалықтарға Трамптың өкпесі қара қазандай
- Атырауда бір отбасын түгелдей қырып салған күдіктіге тағы екі бап бойынша айып тағылды
- Алматыда оқушы өзіне қол салып, қылмыстық іс қозғалды
- Ақтөбе облысында жол апатынан бес адам қаза тауып, бір адам комада жатыр
- ИРНА: Иран зымырандары Израильдің орталық аймақтарына жетті
- Наурызда өтетін матчтарға қатысатын футболшылардың тізімі белгілі болды
- Бүкіл ел бойынша дауылды ескерту
- Франция президенті Эммануэль Макрон Тоқаевқа бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін айтты
- Қырғызстанда Тәшиевтің ұлы полицияға жеткізілді
- Пәкістан премьер-министрі: Референдум мемлекеттік басқару жүйесі үшін маңызды
- Парамен сотталған Хаменованың түрме жазасы бостандығын шектеуге ауыстырылды