Ресейдің қоғам қайраткері Ильхам Әлиевті боқтап жіберді

cover Фото: Oсторожно, новости

Ресейдің қоғамдық палатасының мүшесі Владимир Карасев Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевке қатысты дөрекі сөздер айтты, деп хабарлайды Orda.kz.

Карасевтың бұл реакциясы Әлиевтің Ақтау маңындағы Embraer ұшағының апатына Ресейді кінәлауына қатысты айтылды.

Осторожно, новости telegram-арнасының мәліметінше, Владимир Карасев  Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевті қорлайтын ұятсыз әрі балағат сөздер айтқан.  

Бұл сөздерге жауап ретінде Әзірбайжанның экология және табиғи ресурстар министрлігі жанындағы қоғамдық кеңестің төрағасы Амин Мамедов наразылық білдірді. Ол егер осындай ресейлік қоғам қайраткерінің айтқан сөздері жазасыз қалса, бұл Ресей қоғамдық палатасы деңгейінің төмендігін көрсететінін айтты.

«Өкінішке қарай, қазіргі Ресейде жоғары әлеуметтік мәртебесі бар адамдардың дөрекі және қорлайтын сөздерді қолдануы кең таралып келеді. Егер Карасевтің сөздерін қорлық деп бағалап, ол жазасыз қалса, бұл қоғамдық палатаның деңгейін көрсететеді және «ол Ресей билігіне де осындай  аузына ақ ит кіріп, көк ит шығатын жағдайға рұқсат берілгенін білдіреді», - деді Мамедов.




Жаңалықтар

барлық жаңалықтар