Ресейдің бірқатар қалаларына Бакуден ұшақ ұшпайтын болды

cover Фото: Mehmet Mustafa Celik / Airliners.net / Wikimedia Commons, CC BY-SA 4.0

Әзірбайжан әуе компаниясы Бакуден Ресейдің бірқатар қалаларына ұшатын рейстерді тоқтатты, деп хабарлайды Orda.kz

AZAL баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл шешімді Әзірбайжанның азаматтық авиация мемлекеттік агенттігі қабылдаған. Рейстердің тоқтау себебі Embraer ұшағының апатқа ұшырауына тікелей байланысты.

2024 жылдың 28 желтоқсанынан бастап соңғы тергеу аяқталғанға дейін AZAL рейстері Сочиге, Волгоградқа, Уфа мен Самараға, Грозныйға және Махачкалаға ұшпайды. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар