Ресейдегі адыраспан тыйымы: Бас прокуратура қазақстандықтарға ескерту жасады
Фото: lada.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы қазақстандықтарға адыраспанды Ресейге тасымалдаудың заңсыздығы туралы ескертті, бұл затқа заңды түрде тыйым салынған, деп хабарлайды Orda.kz.
Ведомствоның ресми Telegram-каналында атап өтілгендей, Ресей Федерациясының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «гармала» («адыраспан») өсімдігі құрамында есірткі немесе психотроптық заттар немесе олардың прекурсорлары бар өсімдіктердің тізіміне енгізілген.
Адыраспанды Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз өткізгені үшін қылмыстық жауапкершілік үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде немесе бір миллион рубльге дейінгі айыппұлмен, ал аса iрi мөлшердегi өсiмдiктер тасымалы үшiн 15-20 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жаазасы қарастырылған.
«Демалыс кезеңінде Ресей Федерациясы аумағына келетін азаматтардың көбеюіне байланысты, Бас прокуратура қылмыстық жауапкершілікке ілікпеу мақсатында азаматтарға аталған затты Ресей Федерациясы мемлекеттік шекарасы арқылы өткізбеуді ескертеді» деді қадағалау органы.
Естеріңізге сала кетейік, Ресейде адыраспанға заңды түрде тыйым салынған - өсімдік есірткі заттарының тізіміне енгізілген.
Дегенмен қазақстандық наркологтар бұл шешімге таң қалды, өйткені олар өсімдіктің нашақорлық тудырады дегенді естімеген. Әзірге Қазақстанда адыраспанға тыйым салу жоспарда жоқ екені айтылды. National Library of Medicine сайтында хабарланғандай, гармала (немесе адыраспан) жартылай қуаң жағдайда, далалы аймақтарда және құмды топырақтарда өздігінен өсетін өсімдік.
Гармала Орталық Азияда, Солтүстік Африкада және Таяу Шығыста дәрілік өсімдік ретінде кеңінен қолданылады. Иранда басқа ингредиенттермен араласқан кептірілген капсулалар «көз тиюге» қарсы тұмар ретінде тағылады.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды