Ресейде оқ-дәрілер цехында жарылыс болды, 16 адам көз жұмды

cover

22 қазан күні таңғы уақытта Ресейдің Рязань қаласы маңындағы оқ-дәрілер цехы орналасқан «Эластик» зауытында жарылыс болды, қайтыс болғандар бар.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Жарылыстың болғаны туралы ақпарат жергілікті уақыт бойынша 08:22 кезінде белгілі болды. Осы уақытта ауысым басталып жатқан, оқ-дәрі цехында 17 адам болған. Қазіргі таңда 16 адамның қайтыс болғаны айтылды. Телеграм арналар жарылыс видеосын желіде жарыса жариялап жатыр.

Жарылыс салдарынан болған өртті өшіру үшін 170 адам мен 50 техника жұмылдырылған. 160 шаршы метрді құрайтын цехтағы өртті 09:45 кезінде ауыздақтау мүмкін болды.

Бұған дейін ТЖМ мамандары технологиялық процестің бұзылуын өрттің себебі деп атаған. Алайда, жарылыстың нақты себебі мен жағдайын мамандар анықтауы керек.

Әзірге жұмысшылардың ауысымды бастап, цехтағы құрылығыны іске қосқаннан кейін жарылыс болғаны айтылып жатыр.

Зауыт сайтында кәсіпорынның алты жыл бұрын банкротқа ұшырағаны және 2017 жылдан бері жұмыс істемейтіні көрсетілген. Жедел қызметтердің ақпаратына сәйкес, цех жарылғыш заттарды өндіру, сақтау және оқ-дәрілерді жою жөніндегі компанияға тиесілі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар