Ресейде AZAL апатына себеп болған зениттік зымырандар жұмысын тексеру басталды
Фото: ТАСС
Ресейдің тергеу комитеті Шешенстандағы Azerbaijan Airlines (AZAL) Embraer 190 ұшағының апатына себеп болған зениттік зымырандардың жұмысын тексереді, деп хабарлайды Orda.kz.
The Moscow Times мәліметінше, тергеушілер Грозный, Махачкала және Минералды су қалаларындағы диспетчерлердің әрекеттерін зерттейді, қазір олар ұшақ командирімен болған келіссөздерге талдау жасап жатыр.
Тергеу комитеті болған оқиға бойынша әуе көлігі қозғалысы мен пайдаланудың қауіпсіздік ережелерін бұзу және адамдардың қазасына әкеп соққан іс бойынша қылмыстық іс (ҚК 263-бабы) қозғалғанын еске салды . Бакуден Грозныйға ұшып шыққан әзірбайжандық ұшақты Грозныйда әуе шабуылына қарсы қорғаныс зымыраны атып түсірді де, оған қонуға тыйым салынғаннан кейін Ресейдің көрші қалаларына бағытталды, бірақ нәтижесінде Ақтауда апатқа ұшырады.
«Тергеушілер трагедияның барлық ықтимал себептерін қарастыруда», деп қосты комитет.
Еске сала кетейік, Әзірбайжандағы үкіметтік көздер Euronews-ке Ақтаудағы Azerbaijan Airlines ұшағының апатына Ресейдің зениттік зымыраны себеп болғанын растады.
Сондай-ақ, Orda.kz. Қадыров Ақтаудағы әуе апатына себеп болған дрондарды атып түсіру туралы есеп берген інісін марапаттағаны жайлы жазған еді.
Жаңалықтар
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды