«Ресей жеңбейді»: Ақ үйде АҚШ пен Украина президенттерінің кездесуі өтіп жатыр

cover Фото: BBC News

Джо Байден Вашингтонның Украинаға алдағы келіссөздерде ұстанымын нығайта түсетінін мәлімдеді. Ол қаржылай көмекті 8 миллиард долларға дейін жеткізетінін және өзінің президенттік мерзімі аяқталғанға дейін, яғни келесі жылдың қаңтар айына дейін Украинаға қолдау көрсететінін баса айтты. Байден бұл туралы бейсенбі күні Ақ үйде Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесуі басталар алдында мәлімдеді.

BBC мәліметтеріне қарасақ, келіссөздер алдында Байден Америка Құрама Штаттары Украинаға болашақтағы қорғаныс қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жұмыс істейтінін ашық айтты. Америка көшбасшысы Зеленскийді қабылдау кезінде «Ресей жеңіске жетпейді» деп атап өтті. 

«Бұл екі фактор соғыстың қалай аяқталатынын анықтауда өте маңызды. Мен нақты «Ресей бұл соғыста жеңіске жетпейді» деп айтқым келеді. Ресей жеңбейді. Украина жеңеді, және біз Украинамен бірге жеңіске жеткенге дейін бәрге боламыз», — деді Байден. 

Зеленский болса, АҚШ пен Украинаның «Украинаның болашақ қауіпсіздігі НАТО мен ЕО-да деп ортақ көзқарасқа ие екенін және Украина осы жолда бұрын-соңды болмаған реформалар жүргізіп жатқанын» мәлімдеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар