Ресей мен Әзірбайжан айқасы: Екі елде қарсы тарап азаматтары ұсталды
Фото: Minval
Бакуде сегіз Ресей азаматы қамауға алынып, төрт айға абақтыға жабылды. Оларға есірткі тасымалы мен интернет алаяқтыққа қатысы бар деген айып тағылған, деп хабарлайды Orda.kz.
Екі мемлекет арасындағы қатынас ушығып тұр. Қазіргі оқиғалар тұтқындау алмасуы сипатында өрбіп жатыр.
«Бакуде шамамен он Ресей азаматы ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында деп айыпталып отыр. Олар Ираннан келетін есірткіні тасымалдауға және интернет арқылы жасалған қылмыстарға қатысқан болуы мүмкін» деп жазды Report.az.
Ұсталғандар қатарында IT-кәсіпкер Антон Драчев, IT-маман Сергей Софронов және бағдарламашы Дмитрий Безуглый бар. 1 шілдеде сот олардың сегізін төрт айға қамауға алу туралы шешім шығарды.
Сонымен қатар Екатеринбург қаласында Уралдағы әзірбайжан диаспорасының жетекшісі Шахин Шихлинский ұсталды. Кейін куәгер ретінде босатылды. Шихлинскийге ресми айып әлі жарияланған жоқ.
Сондай-ақ Воронежде этникалық әзірбайжан, кәсіпкер Юсиф Халиловтың үйінде тінту жүргізілген.
Еске салайық, шиеленіс Ресей күштік құрылымдарының Екатеринбургте әзірбайжан диаспорасы өкілдеріне қарсы операциясынан кейін басталған болатын. Салдарынан Сафаровтардың бауырлары көз жұмды. Баку бұл азаматтар азапталып, қасақана өлтірілді деп есептейді. Осыған байланысты Әзірбайжан Бас прокуратурасы азаптау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Көп ұзамай Бакуде Sputnik агенттігінің әзірбайжандық бөлімшесінің директоры мен бас редакторы ұсталды. Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, бұл тұлғалар Ресей ФСБ-сына жұмыс істеген болуы мүмкін.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды