Ресей Қазақстанның «шетел агенттері» туралы заң жобасына араласа ма?
Фото: gov.kz
Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова шетелдік агенттер туралы заң жобасына Ресейдің әділет министрлігі қатысады деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.
Журналист Ардақ Бөкеева өзінің Facebook парақшасында шетелдік агенттер туралы заңға Ресейдің әділет министрлігі кірісетінін жазған болатын.
«Депутат Ирина Смирнова талап еткен шетелдік агенттер туралы заң бойынша жұмыстар жүріп жатыр және бұл заңды әзірлеуге Ресейдің әділет министрлігі де атсалысады. Олар белсенді түрде кеңес береді. Яғни, 2026 жылы ақпараттық кеңес пен адам құқығына қатысты жағдайды топшылай беруге болады. Биыл бұл заңды қабылдауға уақыт болмай қалса деген үмітім бар» деп жазды журналист.
Orda.kz тілшісі осы жазылған ақпаратқа қатысты Ирина Смирнованың өзіне хабарласып, жауап алды. Депутат журналистің берген ақпаратын жоққа шығарды.
«Ондай ештеңе жоқ. Құрылтайда президент Үкіметтік емес ұйымдар туралы заң жобасын әзірлеуді ұсынды. Бәлкім Ақпараттық агенттік туралы заң болмайтын шығар, бірақ түзетулер болады. Бірдеңе айтуға әлі ерте, сосын біз қандай да бір заңды түзетуге ешкімді араластырмаймыз. Әсіресе шетелдіктерді қоспаймыз», – деп жауап берді Смирнова.
Еске сала кетсек, мәжіліс депутаты Ирина Смирнова «шетел агенті» туралы заң дайындауды ұсынды.
Жаңалықтар
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды