Ресей қазақстандық кока-коланы қауіпті деп таныды

cover

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, өнімдер Роспотребнадзордың тексеруінен өтпеген. Сарапшылар одан тәттілендіргіштерді, соның ішінде аспартам көп екенін анықтады. Олардың айтуынша біздің өнімді пайдалану адам ағзасына өте қауіпті екен.

«Coca-Cola Almaty Bottlers компаниясының өнімі Краснодар өлкесін әбігерге түсіріп үлгерді, оның  техникалық регламенттерге сәйкестігіне зертханалық тексерулерден кейін сапасыз деп танылды. Құрамында мәлімделмеген тәттілендіргіштер, оның ішінде аспартам бар екені белгілі болды» деп хабарлады елдің басылымдары.


Аталған аймақтың билігі сатып алушыларды өнімнің құрамын мұқият зерделеуге шақырып, қауіпті коланы тәркілеуді бұйырды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар