Ресей елшілігі адыраспанға қатысты Қазақстан тұрғындарына күтпеген үндеу жасады
Фото: freepik.com
Қазақстандықтарға адыраспанды Ресей аумағына алып кіруге тыйым салынды. Бұл үшін Ресей Федерациясы айыппұл салады, деп хабарлайды Orda.kz.
Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшілігі Қазақстан азаматтарына елімізде адыраспан деп аталатын гармала өсімдігін Ресейге әкелуге тыйым салынғанын еске салды.
Гармала және оның құрамындағы гармин заты Ресейде есірткі ретінде танылған. Сондықтан оны әкелуге, сатып алуға, сақтауға, жөнелтуге, өсіруге, сатуға, таратуға, қолдануға, тіпті пайдалануға үгіттеуге тыйым салынған.
«Гармала Ресей медицинасында немесе асханасында қолданылмайды. Сол себепті оның айналымы заңсыз. Ал оны насихаттауға тыйым салынған», деп хабарлады елшілік.
Ресей Федерациясынан тыс жерлерде гармала кептірілген бұта, өсімдік бөліктері, сығымдалған брикеттер мен пирамидалар түрінде сатылады. Гармаланы қолданғаны немесе заңсыз айналымы үшін айыппұл, әкімшілік қамау түріндегі жаза қолданылуы мүмкін.
Егер өсімдік көлемі ірі болса, құқық бұзушы бірнеше жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылып, сондай-ақ 1 млн рубльге дейін (6,6 млн теңге) айыппұл төлеуі мүмкін.
Айта кетейік, Қазақстанда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған АҚШ пен Украина азаматтарына іздеу салынды.
Жаңалықтар
- Батыста балық қырылды: мамандар себебін анықтады
- Майдандағы жұмбақ риторика: АҚШ пен Иран текетіресі қай бағытқа кетіп барады?
- Мұнай дағдарысы: жаһан мұнай қыспағына ұшырамаудың жолын қарастырып жатыр
- Қызға аяқ көтерген актер Асқар Жұмабек 10 тәулікке қамалды
- Иран Ормуз бұғазы арқылы танкерлерді ақылы өткізе бастады
- Жетісу облысында қытайлықтардың иелігіндегі цемент зауытына 264 млн теңге айыппұл салынды
- Астана – Алматы күре жолында бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға түсті
- Тоқаев қасиетті Түркістан жеріне барған сапарында не айтты?
- Атыраудағы қайын жұртын қырып тастаған күдіктіге ұрлық пен алаяқтық айыптары қосылды
- Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
- Қазақстандықтар жылқы етін тұтыну бойынша жаңа рекорд орнатты
- Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зиярат етті
- Астанада Наурыз мейрамы қалай тойланады?
- Алматыда жол-көлік оқиғасынан үш адам қаза тапты
- Иранға жасалған шабуыл кезінде жаңа туған нәресте мен алты бала қыршын кетті
- Қамшыбек Тәшиев қырғыз халқынан кешірім сұрады
- Мұнай бағасының өсуіне байланысты елімізде жалақы көтерілуі мүмкін
- Қош келдің, әз-Наурыз! Алматыдағы мерекелік шаралар
- Ораза айттың қазақ дәстүріндегі орны мен мәні
- Аңыз-актер Чак Норрис 86 жасында өмірден өтті