Ресей аумағында басталған өрт Қостанайға жеткен

cover Фото: DALL-E

Ресейден шыққан дала өрті Қостанай облысына өтіп кетті, деп хабарлайды Оrda.kz.

Өртті ҚР ТЖМ мен шекара қызметі бірлесе отырып сөндірді. Ресей аумағында басталған өрттің  Қазақстан шекарасына жақындағанын термалды нүктелерді бақылау барысында тіркелген. Көп ұзамай өрт Қостанай облысының Жітіқара ауданына ауысты.

«Өртті сөндіруді шекаранығ  алыс орналасуы мен ауа райы қиындатты. Жел оттың тез таралуына ықпал етті», — деп хабарлады ҚР ТЖМ.

Қазақстан аумағында өрт 1400 шаршы метр аумақта оқшауланды. Қазір өрт толық сөндірілді. Басқа дала өрті  ауқымды 2 өңірді қамтыды. Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында тұрғындар үлкен шығынға ұшырады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар