«Рельс ауыстырып жүрген»: Қарағанды облысында 4 жұмысшыны жүк пойызы қағып мерт қылды
Фото: freepik.com
Қарағанды облысында рельс ауыстырып жүрген 4 жұмысшыны жүк пойызы қағып кетті, деп хабарлайды Orda.kz.
ҚТЖ-ның мәліметінше, қайғылы оқиға 10 желтоқсан күні сағат 17:15-те болған. Сарышаған станциясының жол бригадасы рельсті ауыстыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп жатқан. Мойынты – Шығанақ учаскесіндегі Шешенқара-Қаражыңғыл аралығында жүк пойызының машинисі төтенше тежегіш қолданғанымен апатты жағдайдың алдын алу мүмкін болмады. 4 жұмысшы ауыр жарақат алып, қаза тапты.
Оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтау мақсатында «ҚТЖ» ұлттық компаниясы АҚ басқарма төрағасының бұйрығымен арнайы комиссия құрылды.
«Комиссияны «ҚТЖ» ҰК АҚ басты инженері басқарады және құрамында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС басшылары мен Магистральдық желі дирекциясының өкілдері бар. Комиссия оқиға орнында жедел жұмыс істеп, тергеу жүргізіп жатыр. «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ қайғылы оқиғадан зардап шеккендердің туыстары мен жақындарына көңіл айтады», деп хабарлады ҚТЖ.
Айта кетейік, 9 желтоқсанда Алматыда телефонға қараған автобус жүргізушісі адам қағып кетті.
Жаңалықтар
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты