Қолында сәбиі бар астаналық әйел такси қызметін атқарып жүр

cover

Бір қолымен көлік жүргізіп, екінші қолымен сәбиін тамақтандырып келе жатқан такси жүргізуші әйелдің видеосы желіде қызу талқыға түсті. Полицейлер видеоға жауап берді.

«Мен такси шақырдым. Басына орамал таққан жас «келін» келді. Алдыңғы орындықта сәби отыр екен. Мен мұндайды бұрын ешқашан көрген емеспін. 5 минуттан кейін нәресте жылай бастады. Сосын мен шошып кеттім. Әйел мүлде тартынбады. Бір қолымен рөлді ұстаса, екінші қолымен баланы көтеріп, емізе бастады. Ол көп ұзамай тынышталды. Менің шыдамым жетпеді, мен оған сұрақ қойдым. Оның жесір әйел екені белгілі болды. Күйеуі жақында қайтыс болыпты. Нәресте 5 айлық» деп жазды видео авторы өз парақшасында.

Оның айтуынша, әйел таңғы жетіден бері такси қызметін атқарып жүрген. Түскі ас кезінде демалып, содан кейін қайтадан жұмысқа кіріседі екен.

«Көлікке әр түрлі науқас адамдар отыруы мүмкін. Бұл әйел үшін қандай тағдыр? Бала екеуінің дені сау болсын» деп түйіндеді жігіт.

Ал, елордалық полиция департаменті бұл фактіге қатысты түсініктеме беріп үлгерді.

«Онымен балаларды тасымалдау талаптарының бұзылуы туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді» деп түсіндірді тәртіп сақшылары.

Сонымен қатар, Астана қалалық полиция департаментінің мамандандырылған батальоны қызметкерлері әйелге балалар автокреслосын сыйға тартты.

Полиция департаменті жүргізушілерді де жолда сақ болуға шақырады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар