Qirsabyn: Мені бопсалаған жоқ - Сенат спикері Әшімбаев
Фото: коллаж Orda.kz
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Qirsabyn анонимді телеграм-арнасы әкімшілерінің ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Әшімбаев өзіне ешқандай бопсалау немесе ақша талап ету фактісі болмағанын бірден атап өтті. Ол телеграм-арналарда жиі жарияланатын тұлғалардың бірі өзі екенін мойындады.
«Егер адам саясатпен айналысса, ол туралы түрлі нәрселер жазылатынына, соның ішінде жала жабу, шындыққа сәйкес келмейтін фактілер мен қасақана бұрмалауларға дайын болуы керек. Бұл тұрғыда көпшілік тұлғалар оған дайын болуы қажет. Бірақ бұл жағдайларға салқынқандылықпен қарау оңай емес – себебі, біз не дегенмен адамбыз, біздің де сезіміміз бар. Алайда, бұл – сөзсіз болатын нәрсе екенін түсіну қажет», – деді Әшімбаев.
Алайда, Qirsabyn арнасына қатысты жағдайда спикер зардап шеккендерді полицияға жүгінуге шақырды, себебі бұл жай ғана айтылып қоя салатын сыни пікір емес бұл нағыз бопсалау екендігін айтты.
Айта кетейік, қылмыстық іс танымал тележүргізушінің полицияға шағымданғанынан кейін қозғалған. Арна авторлары оның жеке өмірі жайлы ақпаратты жарияламау үшін ақша талап еткен. Біз жариялаған алғашқы жазбадан кейін көп ұзамай әкімшілердің ұсталғаны расталды.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды