Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ресей билігіне ескерту жасады

cover

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ресей Федерациясының ресми билігін ресейлік журналист Владимир Соловьевтің бағдарламасындағы Қазақстанға қарсы мәлімдемелерге жауап беруге шақырады.

Еске салсақ, Владимир Соловьевтің бағдарламасында ресейлік саясаттанушы Дмитрий Дробницкий Ресейдің Украинадан кейінгі нысаны Қазақстан екенін айтты. Оның бұл сөзі бағдарламаға қатысушылардың қошеметіне ие болды.

- Біз, біріншіден, олар Ресей Федерациясының ресми ұстанымын көрсетпейді деп санаймыз. Екіншіден, бұл Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы дәстүрлі тығыз қарым-қатынасқа нұқсан келтіреді. Үшіншіден, олар Ресей билігінің тиісті жауабына лайық, - деді журналистерге Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко.

Василенко президент Қасым-Жомарт Тоқаев та, Сыртқы істер министрлігі басшылығы да, басқа да жетекшілер, соның ішінде парламент палаталарының спикерлері де «мұндай пікірлер мен мәлімдемелерді әртүрлі сөйлейтін тұлғалар бір емес, бірнеше рет айтқанын» еске салды.

Сонымен қатар, Василенко осы оқиғаға байланысты Қазақстандағы Ресей елшісінің Сыртқы істер министрлігіне шақырыла ма, жоқ па білмейтінін атап өтті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар