Қазақстанда азық-түлік бағасы тағы да қымбаттауы мүмкін

cover

Қазақстанға азық-түліктің 40 пайызы Ресейден жеткізіледі. Бұрын 1 рубль 4 теңге болса, қазір 8 теңгеден асып кетті. Көрші елде азық-түлік инфляциясы 15 пайызды құрап отыр. Сәйкесінше, елімізде баға жақын арада тұрақтамайды, деп хабарлайды 31 арна.

Сауда министрінің айтуынша, баға бұрынғы деңгейде қалуы үшін Қазақстан өзін азық-түлікпен толық қамтамасыз ете алуы керек. Дегенмен, бұл ұзақ мерзімді сақтау орындарын қажет етеді.

Сондықтан алыс-жақын көршілермен сауда-саттық байланысы одан әрі нығая бермек. Осыған байланысты өнімнің басым бөлігі экспортқа шығарылады. Министр баға тұрақты болады немесе көтерілмейді деп уәде бермейді. Жауапты ведомство тек азық-түлік бағасының өсуін тоқтатуға тырысуда.

- Тауар бағасының құбылуы сақтау орнының жетіспеушілігімен де байланысты. Яғни, біз қолайлы уақытқа дейін шыдай алмаймыз. Әсіресе көктемнің басы мен ортасына дейін. Бізде қоймалар өте аз, – деді ҚР Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин.

Қазақстанда инфляция деңгейі шарықтау шегіне жетті. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов бұған дейін айтқан болатын. Қазақстанда бір жылда өнім 23%-ға өсті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар