Пышақпен қорқытып, зорлады: Алматыда бардың күзетшісіне үкім шықты

cover Orda.kz

Алматыда жас қызды зорлаған бардың күзетшісіне үкім шықты, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

Атышулы «Ұлжан ісі» бойынша сот отырысы жабық режимде өтті. Алматы тұрғыны оқиға туралы полицияға 2023 жылдың тамыз айында арызданған. Ол Назарбаев даңғылы бойындағы бардан шығып бара жатқанда, оған жас жігіт келіп, өзін мекеменің күзетшісімін деп таныстырып, үйіне алып баруды ұсынған. Ізгі ниеттің  астарында не жасырынғанын  білмеген Ұлжан келіскен. Үйінің кіреберісінде бар күзетшісі қызға шабуыл жасап, пышақпен қорқытып, зорлаған.

Үкімді жариялау бірнеше рет кейінге шегерілді. Бүгін бұл қылмысқа байланысты айыпталушыға тиісті үкім шықты.

Қылмыскер бірнеше бап бойынша кінәлі деп танылды  «Адам өлтіремін деп қорқытып, зорлау» (ҚР ҚК 120); «Кісі өлтіру қаупімен жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» (ҚР ҚК 121); «Жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін зорлық-зомбылықпен тонау» (ҚР ҚК 191).

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар