Путиннің үлкен қызының компаниясы 4000 % кіріс көрсетті

cover

Акциялардың 20 пайызы Владимир Путиннің үлкен қызы Мария Воронцоваға тиесілі «Номеко» медициналық компаниясы 2020 жылы 839 миллион рубльден (4614 млн. тг.) астам пайда тапты. Бұл ретте компания ұсынатын қызметтердің немесе тауарлардың өзіндік құны 117.7 миллионды құрады. Осылайша, «Номеко» кірісінің жылдық көрсеткіші - 3822 пайыз болды.

Ақпарат Радио Свобода сайтына жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz.

СПАРК-Интерфакс ақпаратына сәйкес, салық төлегеннен кейінгі компанияның таза пайдасы шамамен 3300 миллион теңге болды.

ММУ түлегі және медицина ғылымдарының кандидаты Мария Воронцова Ресей президентінің үлкен қызы екендігі туралы The New Times журналы, BBC орыс қызметі және Bloomberg хабарлаған болатын.

2014 жылға дейін Воронцова балалар Эндокринология институтында резидентурадан өтті. Кейін ол «Номеко» медициналық компаниясының акционері болды. 2019 жылы Ресейдің Би-би-си қызметі компания Согаз медицина клиникалар тобымен бірге Ленинград облысында «жабдықтау деңгейі бойынша әлемдегі жетекші клиникалардың үштігіне» кіруі керек медициналық кешен құрумен айналысатынын хабарлады. Жобаның құны 40 миллиард рубльге бағаланды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар