Путин Зеленскиймен «кез келген жерде» кездесуге дайын екенін айтты
Словакия премьер-министрі Роберт Фицо Ресей президенті Владимир Путинмен әңгімелескен кезінде Украина президенті Владимир Зеленскиймен тек Мәскеуде ғана емес, «кез келген жерде» кездесуге дайын екенін айтқанын мәлімдеді. Фицоның мәлімдемесін TASR басылымы жариялады, деп келтіреді Orda.kz.
Қытайда Путинмен кездескен Фицо оның Зеленскиймен «Мәскеудге ғана емес, кез келген жерде» кездесуге дайын екенін атап өтті. 5 қыркүйекте Ужгородта словакиялық премьер украиналық көшбасшымен кездесті. Фицоның айтуынша, ол Путинмен кездесуге дайын екенін анық айтты.
«Зеленский Путинмен кездескенде саяси жеңіске жете алмас еді. Ресей азаматтары екеуінің кезесуіне қуана қоймасы анық. Бірақ кездесіп, мәселені талқылау қажеттігін екеуі де түсінеді, себебі екі жақ келіссөз жүргізбесе соғыс жалғаса береді», - деді Фицо.
Словакия премьер-министрі Мәскеумен қарым-қатынасты қалпына келтіру қажеттігін де қайталады. Оның пікірінше, соғыс аяқталғаннан кейін Ресеймен халықаралық ынтымақтастықты мүмкіндігінше тезірек бастау қажет.
Еске салсақ, 3 қыркүйекте Путин Қытайға сапарының қорытындысы бойынша Ресей астанасында Зеленскиймен келіссөздер жүргізуді ұсынды. Екі күннен кейін Шығыс экономикалық форумында сөз сөйлеген Ресей президенті Мәскеу - жоғары деңгейдегі келіссөздер үшін «ең жақсы орын» екенін тағы да мәлімдеді. Ол украиналық тарапқа жұмыс істеу үшін жағдай мен қауіпсіздік қамтамасыз етілетініне сендірді.
Зеленский Путиннің шақыруына түсініктеме бере отырып, «егер біреу кездесудің болмауын қаласа, оны Мәскеуге шақыру керек» деп айтқан болатын. Кейін ABC News-ке берген сұхбатында Зеленский Путинді Киевке келіссөздерге шақырды.
Биылғы тамыз айының ортасында Зеленский саммиттен кейін Трамппен сөйлескен кезде Украина бейбітшілік үшін бәріне дайын екенін атқан болатын.
Сонымен қатар наурыз айында Украина президенті Владимир Зеленский Киевтің АҚШ-пен жер қойнауы туралы келісімге қол қою аясында соңғы жылдары берілген Америка көмегін борыш деп тануға дайын емес екенін мәлімдеді.
Жаңалықтар
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды