Путин Байденді таң қалдыра алмаған

cover

АҚШ президенті Джо Байден Ресей президенті Владимир Путин өзін таң қалдырмағанын, Ресейдің «өте қиын жағдайда» екенін және ықпалды держава болып қалғысы келетінін айтты.

Бұл туралы Orda.kz «Голос Америки» сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Байден Путинге әлемдік аренада АҚШ президентімен тұру мүмкіндігін «сыйлаған».

– Мен таң қалмадым. Өйткені мен Ресейдің қазір өте қиын жағдайда екеніне сенімді болдым. Оларды Қытай қысып жатыр. Олар үлкен держава болып қалу үшін барын салып жатыр. Байден Путинге қалаған нәрсесін берді, ол – Америка Құрама Штаттарының президентімен бірге әлемдік аренада тұру мүмкіндігі, – деді Байден журналистерге берген пікірінде.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар