Путин Ақтау маңында AZAL ұшағының құлауына ресейлік әуе қорғанысы себеп болғанын мойындады
Фото: Orda.kz
Ресей президенті Владимир Путин Әзірбайжан басшысы Ильхам Әлиевпен кездесуде алдымен Ақтауда құлаған AZAL ұшағының апаты жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Orda.kz.
Путин апат Ресей әуе кеңістігінде болғанын еске салып, осы қайғылы жағдай үшін кешірім сұрады. Ол сондай-ақ қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.
Ресей президенті трагедия болған күні ресейлік әуе кеңістігін үш украиндық дрон кесіп өткенін және оларды Ресей әскерилері бақылап отырғанын айтты.
«AZAL экипажына Махачкалада қону ұсынылған, алайда олар өздерінің базалық әуежайына қарай ұшуды жалғастыруды шешкен», — деді Путин кездесуде.
Путиннің сөзінше, Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінен ұшырылған екі зымыран AZAL ұшағына тура соқпаған, бірақ бірнеше метр қашықтықта жарылған.
Апат 25 желтоқсан күні болды. AZAL әуе компаниясының Бакуден Грозныйға бет алған Embraer ұшағы Қазақстанның Ақтау қаласы маңында құлады. 38 адам қаза тауып, 29 адам жарақат алды. Әзірбайжан халқы 26 желтоқсан күнін апат құрбандарын еске алу үшін қаралы күн деп жариялады.
Соңғы сапарға аттанған ұшақ жайлы толық ақпаратты тілшіміздің мақаласынан оқыңыздар.
Жаңалықтар
- «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» тізе бүктірді
- «Сегіз автокөлік пен 17 iPhone тәркіленді» — Жаңабыловтардың сотында не айтылды?
- Садыр Жапаров Тоқаевты Қазақстанда жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтады
- Түркістанда пара алды деген күдікпен ұсталған полицей жазадан құтылып кетті
- Астанада 15 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетті
- Мемлекет басшысы әскери қызметке қатысты Жарлыққа қол қойды
- Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл бастығына оқ тиіп опат болды
- Лос-Анджелесте «Оскар-2026» жеңімпаздары анықталды
- Путин Тоқаевты жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады
- Талғарда қыз зорлады деген жаламен ұсталған төрт жігіт ақталып шықты
- Қадір түні — тағдыр түні: Дұға-тілектер
- Алматыда Рахат Тұрлыханов әйеліне күш көрсетті деген күдікпен қайта ұсталды
- Италияда қысқы Паралимпиада ойындары аяқталды: Қазақстан нешінші орында тұр?
- Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
- Екі аптадағы соғыс: Парсы шығанағындағы елдерге Иран шабуылдарының салдары қандай?
- Қазақстанның жаңа Конституциясы референдумда ресми түрде мақұлданды
- «Өліп жақсы көремін»: Нетаньяхудың «өлімі» мен алты саусақтың құпиясы
- Венгрияда премьер-министр сайлауы алдында қарсыластартың жақтастары митинг өткізді
- Биыл Наурыз мерекесі қалай атап өтіледі?
- Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің екінші ракеткасы атанды