Пусанда жолаушылар ұшағы өртеніп кетті

cover Фото:Yonhap

Оңтүстік Кореяның Пусан қаласындағы халықаралық әуежайда жолаушылар ұшағы өртеніп кетті, жарақат алғандар бар, деп хабарлайды Orda.kz.

Yonhap агенттігінің мәліметінше, эвакуация кезінде үш адам жарақат алған. Air Busan  әуе компаниясына тиесілі A321 ұшағы Гонконгке бағыт алған. Ұшуға дейін ұшақтың артқы бөлігінде өрт шығып, ол әуе кемесінің фюзеляжына таралып кеткен. Барлығы 169 жолаушы мен экипаждың жеті мүшесі үрмелі трап арқылы эвакуацияланды.  

Өрт сөндірушілердің мәліметінше, эвакуация кезінде үш адам өміріне қауіп төндірмейтін жарақат алған.  

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар