Прокурор мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Мажағұловқа 10 жыл сұрады

cover Фото: Ольга Ибраева. Orda.kz

Астананың Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты атышулы «Күн» субұрқағын салу кезіндегі ақша жымқыру ісі бойынша тараптардың дауын бастады, деп хабарлайды Orda.kz.

Мемлекеттік айыптаушы Азамат Тоқтарбай Астана қаласы Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұлов пен инженер Мәди Қанапинді жазалауды сұрады.

«Болат Мажағұловты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының (4-бөлігінің 2-тармағы) («Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе аса ірі мөлшерде ысырап ету») қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танып,  10 жылға бас бостандығынан айыру, өмір бойына «мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару» жазасын сұраймын», - деді прокурор.

Мәди Канапинға мемлекеттік айыптаушы мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салу арқылы жеті жылға бас бостандығын шектеуді сұрады.

Оған көмек көрсетті деген айып тағылып отыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар