Прокурор Дикий Арманға – 20 жыл, Қайрат Құдайбергенге – 8 жыл сұрады

cover Коллаж Orda.kz

Дикий Арманға қатысты сот ісі аяқталды. Үкім 2025 жылдың қаңтар айының басында шығуы мүмкін. Прокурор Дикий Арманға – 20 жыл, Қайрат Құдайбергенге – 8 жыл сұрады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Біздің дереккөзіміздің мәліметінше, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің полковнигі Руслан Исқақовқа 15,5 жыл жаза cұралып отыр.

Бұған дейін Арман Жұмагелдиевке қатысты қылмыстық іс бойынша сот тергеуі аяқталғандығын жаздық.

«Қазіргі уақытта тараптардың жарыссөзінде мемлекеттік айыпталушы сөйлеуде. Айыпталушылар үшін ұзақ мерзімдер сұралуда. Менің ойымша, желтоқсан айының соңына дейін аяқтап, үкімді 2025 жылдың қаңтар айының басында жариялаймыз», — деген болатын адвокат Олег Чернов.  

Арман Жұмагелдиевке қатысты қылмыстық іс сотқа шамамен бір жыл бұрын келіп түсті. Онымен бірге айыпталушылар қатарында Алматы мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайберген де бар.  

Жұмагелдиевке қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және оған қатысты, атыс қаруын ұрлады, сондай-ақ адамдарды заңсыз бас бостандығынан айырды деген айып тағылуда. Тергеу нұсқасы бойынша, Құдайберген Дикий Арманға қосылуға белсенді түрде шақырған.  

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар