Прокурор Болат Назарбаевтың қолшоқпарын 12 жылға соттауды сұрады
Коллаж оrda.kz
Айбек Қоспаевқа қатысты іс қаралып жатқан мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында тараптардың жарыссөзі басталды. Оған рейдерлік, бопсалау және қылмыстық жолмен табылған ақшаны заңдастыру бойынша айып тағылып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Мемлекеттік айыптаушы Ақтөре Беріков Айбек Қоспаевты мынадай қылмыстық құқықбұзушылықтар бойынша кінәлі деп тануды сұрады:
- ҚР ҚК 262-бабы 2-бөлігі — ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық ұйымның құрамында болу;
- 249-бап 3-бөлім 1-тармақ — рейдерлік;
- 218-бап 3-бөлім 2) және 3) тармақтар — қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жасыру);
- 189-бап 4-бөлім 1) және 2) тармақтар — сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету;
- 214-бап 2-бөлім 1-тармақ — заңсыз кәсіпкерлік, заңсыз банктік, микроқаржылық немесе коллекторлық қызмет;
- 233-бап 2-бөлім — сатуға арналған жалған сәйкестендіру құралдарын және (немесе) есепке алу-бақылау белгілерін дайындау немесе сатып алу, сол сияқты оларды пайдалану немесе өткізу;
- 194-бап 4-бөлім 1) және 2) тармақтар — бопсалау.
«ҚР ҚК 58-бабы 3-бөлігіне сәйкес Айбек Қоспаевқа түпкілікті 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын, мүлкін тәркілей отырып, өмір бойы коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып тағайындауды сұраймын», — деді прокурор Ақтөре Беріков.
Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, бұл іс бойынша келтірілген жалпы материалдық залал көлемі 10 миллиард теңгеге жеткен.
Қоспаевтар отбасындағы сотталғалы жатқан үшінші ағайынды осы — Айбек. Бұған дейін оның ағасы Елдос Қоспаев, Назарбаевтың «қанаушысы» ретінде танылған еді. Ол 15 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ал тағы бір ағасы Айдос Қоспаев 12 жылға сотталған еді.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды