Прокуратура пайдаланылмай жатқан жайылымдарды мемлекетке қайтарды

cover

Прокуратура шараларымен жалпы құны 285 млн теңге болатын жайылымдық жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Бурабай аудандық прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына талдау жүргізіп, жергілікті шаруа қожалықтарының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланбау фактілерін анықтады.

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша Ақмола облысы  жер ресурстарын басқару басқармасына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді.

Сонымен 30 мың гектардан асатын, кадастрлық күн 285 миллион теңге болатын, ұзақ уақыт ауыл шаруалығы тауарын Өндірушілер өз мақсаты бойынша пайдаланбай келген жайылым жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Осылайша, ауданда жайылымдық жер тапшылығы 50 пайдаға жуық қысқартылды.

Прокуратура осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыруда.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар