Прокуратура қандасты Қазақстаннан шығаруға жол бермеді
Маңғыстау облысы бойынша қадағалау органының баспасөз қызметінің мәліметінше прокуратура қандастың Қазақстаннан шығарылуына рұқсат бермеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен Өзбекстан Республикасының азаматы Н.Қибасовты тіркеу мерзімі өтіп, елден кетуден жалтарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Оған Қазақстан Республикасынан шығарып жіберу түріндегі жаза берілген. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сот шешімімен шығарылған адам Қазақстан Республикасының аумағына бес жыл бойы кіре алмайды.
«Сонымен бірге, облыс прокуратурасы Н.Қибасовтың «кандас» мәртебесін алуына және Қазақстан азаматтығын алу үшін құжаттарды дайындауына байланысты жазаны жеңілдету туралы кассациялық наразылық келтіру туралы Бас прокуратураға ұсыныс енгізді» делінген мәлімдемеде.
Бас прокуратураның наразылығымен Жоғарғы сот аталған сот шешімінің күшін жойып, істі жаңадан сот талқылауына жіберді.
«Соттың жаңа қарауы бойынша Н.Қибасовқа Қазақстан Республикасынан шығарылмай, айыппұл салынды» делінген хабарламада.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды