Прокуратура ғимаратында полицей өзіне оқ атқан

cover

Павлодар облысы Железин ауданында полицей табельдік қарудан өзіне оқ атқан. Бұл туралы Orda.kz хабарлады. 

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 мамырда мессенджерлерде Железин ауданының аға тергеушісі өзінің табельдік қаруынан өзін-өзі өлтіруге әрекет жасаған деген ақпарат пайда болды.

Полиция департаменті 23 мамырда сағат 18:10-да Железин ауылында прокуратура ғимаратында аудандық полиция бөлімінің аға тергеушісі оң иығына оқ атқанын хабарлады.

Қызметкер ауруханаға жатқызылып, операция жасалды. Бүгінгі күні жағдайы тұрақты, өмірлік маңызды мүшелері мен сүйектері зақымдалмаған, денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, – делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасымен Қазақстан Республикасы ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Мән-жайлар мен себептер анықталуда.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар