Мемлекеттік кеңесші лауазымы жойылады, екі ай ішінде президент сайлауы өткізіледі
Фото: mazhilis.parlam.kz
Бүгінгі Қызылордада өтіп жатқан Құрылтайда президент өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылса сайлау екі ай ішінде өткізілетіні, сонымен қатар вице-президент лауазымы енгізілетіні белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда кезектен тыс президенттік сайлау екі айдың ішінде өтетінін мәлімдеді.
Сонымен қатар, Қазақстанда жаңа мемлекеттік лауазым - вице-президент пайда болады.
Бұл туралы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Құрылтайда мәлімдеді.
«Әңгіме вице-президент институтын құру туралы болып отыр. Оның өкілеттік аясын мемлекет басшысы өзі белгілейді. Вице-президент президенттің тапсырмасы бойынша халықаралық форумдарда және шет мемлекеттер делегацияларымен келіссөздерде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді, парламентте президенттің мүддесін білдіреді, отандық және бірлескен қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағарту ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды, президенттің басқа да тапсырмаларын орындайды деп болжануда», - деді Тоқаев.
Вице-президенттің қызметтік лауазымына қатысты негізгі ережелер Конституция мәтінінде көрсетілген.
Сондай-ақ, ол мемлекеттік кеңесші лауазымы жойылатынын атап өтті. Осы тұста Тоқаев мемлекеттік кеңесші қызметін атқарып жүрген Ерлан Қаринге назар салды.
Аталған лауазымды тарату туралы шешімді жариялау барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Қаринге қарап:
«I am really sorry» («маған шынымен өте өкінішті»), — деді.
Еске салсақ, Қазақстан Республикасының Ұлттық құрылтайында президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа ораған - Халықтық кеңестің құрылғанын мәлімдеді. Кеңес Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ұлттық Құрылтайдың міндеттерін өзіне алады. Құрамына 126 адам кіреді. Төрағаларды президенттің өзі тағайындайды.
Жаңалықтар
- Мемлекеттік кеңесші лауазымы жойылады, екі ай ішінде президент сайлауы өткізіледі
- Елімізде жаңа билік органы — Халықтық кеңес құрылды
- Бірпалаталы парламентке «Құрылтай» деген атау беріледі — Тоқаев
- Тоқаев Құрылтай төрінде Самұрық-Қазына қорына сын айтты
- Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөз бостандығы мен әйелдердің заң саласына араласу мәселесі көтерілді
- Қызылордада тарихи Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
- Түркістан облысында 6 және 8 жастағы қыздарды өгей әкесі жылдар бойы зорлап келген
- Белгілі әнші Гүлзира Бөкейхан дүниеден өтті
- Молдова ТМД-дан шығу процесін бастады
- Ақмола облысында шахтада ер адам қаза тапты
- Теңіз бен Королевское кен орындарында мұнай өндіру уақытша тоқтатылды
- Жаркентте баласын байлап сабаған әйелдің психоневрологиялық есепте тұрғаны анықталды
- Алматыда үй иесін байлап, қарақшылық қылған 2 адам ұсталды
- «Терезеден жағылған қанды көрдік»: Талғарда әйелін өлтірді деген күдіктіге қатысты тың деректер
- Талғардағы аурухана барған қыздың жұмбақ өлімі: ата-анасы дәрігерлерді кінәлап отыр
- Жаңаөзен қаласында көлік апатынан 2 адам қаза тауып, 5 ауыр жарақат алды
- «Бұл – жаңа саяси модель» — Тоқаев ірі реформа туралы айтып, Құрылтайда нақты идея ұсынылатынын меңзеді
- СҚО-да өртеніп шатыры құлаған үйден 5 жасар қыздың денесі табылды
- Трамп Тоқаевты Газадағы бейбітшілік кеңесіне шақырды
- Философ Дугин Қазақстан тәуелсіз ел бола алмайды деп мәлімдеді