Президент Маржықпаевты Туризм және спорт министрі қызметінен босатты

cover Фото: gov.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Маржықпаевты Туризм және спорт министрі қызметінен босатты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Маржықпаев Ермек Боранбайұлы Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі қызметінен босатылды»  делінген хабарламада.


Маржықпаев алғаш рет министрлікті 2023 жылдың қыркүйегінен басқарған; оған дейін 2019 жылдың наурыз айынан бастап Ақмола облысының әкімі, одан бұрын, 2013 жылдың қыркүйегінен бастап облыс әкімінің орынбасары болған.

Бұған дейін ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпаздарымен кездесуінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев спорт шенеуніктері спортты дамытумен емес, түпкілікті нәтижеге мән бермей, миллиардтаған бюджетті игерумен айналысатынын айтқан болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар