Президент кеңесшісін ауыстырды

cover Фото: gov.kz

Болат Ақшолақов президенттің кеңесшісі лауазымынан босатылып, оның орнына Мағзұм Мырзағалиев келді, деп хабарлайды Orda.kz.

Мемлекет басшысының өкімімен Болат Оралұлы Ақшолақов Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды. Ақшолақовтың орнына Мағзұм Мырзағалиев тағайындалды.

Болат Ақшолақов 2023 жылдың сәуір айында президенттің кеңесшісі қызметіне тағайындалған. Ол 2022 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасының президентінің жарлығымен ҚР энергетика министрі болып тағайындалған еді. 

Ал Мағзұм Мырзағалиев 2021 жылы энергетика министрі қызметін атқарды. Ол араға 3 жыл салып қайта президент кеңесшісі болды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар