Президент кеңесшісі Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жағдай туралы айтты
Фото: ҚМГ баспасөз қызметі
Астанада өтіп жатқан инвесторлар форумында «Қазақстанның мұнай-газ секторындағы инвестициялық мүмкіндіктер» атты сессия аясында ҚР Президентінің кеңесшісі, бұрынғы энергетика министрі Болат Ақшолақов Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Президенттің кеңесшісі мұнай өңдеу зауыттарындағы жөндеу жұмыстарына бақылауды күшейту және мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру жоспарлары туралы айтты.
Оның айтуынша, жөндеу мәселесі тек Атырау мұнай өңдеу зауытына ғана емес, бүкіл салаға қатысты. Үш ірі зауыттың екеуі толықтай «ҚазМұнайГаз» компаниясына тиесілі болса, Шымкент мұнай өңдеу зауытының 50 пайыз үлесі де оған тиесілі.
«Әрине, бұл жерде жөндеу жұмыстарының сапасы туралы мәселе меншік иесіне қатысты. Ал жұмыс сапасы техникаға ғана емес, инженерлердің деңгейіне де байланысты», - деді Ақшолақов.
Бұрынғы министр бұл корпоративтік мәселе деп есептейді, себебі жөндеу жұмыстарының сапасы мердігер міндетіне жатады.
«Егер жұмысты жеңілдету үшін бірдеңе қажет болса, мысалы, шұғыл жағдай болып, кенеттен мәселе туындаса, кәсіпорындар қажетсіз бюрократиясыз шығын материалдарын тез сатып алуы керек. Бүгінде мұндай күтпеген жағдайлар үшін сатып алудың жеңілдетілген тетігі бар», - деп қосты Ақшолақов.
Жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізген жағдайда «Самұрық-Қазына» қорының сатып алу ережелері қолданылады. Барлық бөлімдер үшін сатып алу осы ережелерге сәйкес жүзеге асырылады. Бірақ бұл қатып қалған дүние емес: уақыт өте келе ережелер өзгереді, әртүрлі ұсыныстар түседі, бұл процесті оңтайландыру жүріп жатыр.
Дегенмен Атырау мұнай өңдеу зауытында түсініксіз жағдайлар мен келеңсіздіктер толастар емес.
Жаңалықтар
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды