Президент әйел теңдігін орнату үшін министірлік құрмақ

cover Фото: facebook парақшасынан

Мексика президенті әйелдер ісі бойынша министрлік құрмақ.

Бұл туралы елдің жаңа сайланған президенті Клаудия Шейнбаум баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Пікірлерді сараптай келе, әйелдер ісі институтынан министрлік құру туралы шешім қабылдадым. Оны Цитлали Эрнандес Мора басқарады»,  деп Шейнбаум жаңадан құрылған бөлім басшысын таныстырды.

Эрнандес - билеуші ​​​​Морена ұлттық жаңғыру қозғалысының бас хатшысы және Мехико қаласының сенаторы. Ол сондай-ақ Internacional feminista халықаралық феминистік ұйымының негізін қалаған.

Бөлімнің міндеттері гендерлік кемсітушілікпен күресу және теңдік орнату. Министрлік 1 қазанда Клаудия Шейнбаум мемлекет басшысы қызметіне кіріскеннен кейін пайда болады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар