Премьер-министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасы ұсынылды
Сурет: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Amanat партиясының атынан премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылды.
Ақорданың хабарлауынша, президент Тоқаевқа парламент мәжілісінің және Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов премьер-министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды.
«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны мәжілістегі партиялардың фракцияларымен жуық арада талқылайды» делінген хабарламада.
Еске салайық, кеше, 5 ақпанда үкімет қызметін доғарды. Премьер-министр қызметін уақытша атқару Роман Склярға жүктелді.
Ал үкіметтің өзге мүшелері жаңа құрам бекітілгенге дейін өз міндетін орындай береді.
Бүгін, 6 ақпанда сағат 15:00-де президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламент мәжілісінің пленарлық отырысына қатысады. Онда депутаттардың келісімін алу үшін жаңа премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылады.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды