«Полицияның заңсыз әрекеті»: Нұрғанатты ауруханада бейнежазбаға жазып алған полицей жауап берді
Фото: Бейнеден кадр
Талдықорғанда 16 жасар Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша сот отырысы әлі өтіп жатыр. Бүгін сотталушылардан жауап алу кезеңі басталуы керек, деп хабарлайды Orda.kz.
Алғашқы болып сот отырысында куәгер полиция қызметкері Әділжан Медет жауап берді.
«Хабарлама түскен соң, оқиға орнына бардым. Ғайыпбаев ауруханаға жарақатпен түскен соң, сол жерге бардық. Біз оған ұсталғандардың суретін көрсеттік. Ғайыпбаев Шерзатты Шынасыл Абзал, ал өзін пышақтаған Тоқтаубаев Нұрбол жаралағанын айтты. Ал мылтықты алып келген бауырым, яғни, Шерзат деп айтты. Ол біз барғанда палатада жатты және «бізбен сөйлесе аласыз ба?» дегенде ол сөйлеуге мұршасы бар екенін айтты», — деді Медет Әділжанов.
Сол кезде сотталушы Тоқтаубаев Азамат осы куәгерге:
«Бізді «Арлан» ұстады ма, әлде полиция қызметкерлерді ұстады ма? Соны нақты айтсаңыз, өйткені бізді әлеуметтік желіде «Арлан» ұстады деген ақпарат жүр», — деп сұрады айыпталушы.
Бұл сұраққа Медет Әділжанов күдіктілерді ұстаумен ол айналыспағанын және бұл сұраққа жауап бере алмайтынын айтты.
Прокурор:
«Ғайыпбаевпен сөйлесуге келгенде ол әңгімені бейнежазбаға жазуға қаулы шығарды ма?», — деп сұрады.
Куәгер полицей бұл сұраққа «жоқ» деп жауап берді.
Прокурор Дана Сәрсенбай куәгер ісінде заң бұзушылық бар екенін айтты.
Ал куәгер полицей қаулы шықпаса да, бейнежазбаға түсіргенін және бұл осы қылмысты ашу мақсатында істеген әрекеті екенін айтып түсіндірді. Бірақ, заңның қай бабымен түсіргенін нақтылай алмады.
Жаңалықтар
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?