Полиция қызметкерлері дау тудырған бейнежазбаға қатысты тексеріс бастады

cover Сурет: liter.kz

Павлодарлық полиция қызметкерлері белгісіз ер адамдар ағашқа байланған итті тірідей өртеп жіберген видеоны тексеріп жатыр.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды

Жануарды өртеп жіберген видео Қазнет қолданушыларын дүр сілкіндірді. Бір минуттық бейнежазба кадрларындағы иттің қорқынышты дауысы азапты жағдайды көрсетеді.  Ит қашып кетпес үшін ағашқа байлап, өртеп жіберген. Кадрларда отқа бірнеше рет сұйықтық құйған адамның көлеңкесі көрсетілген. Бейнежазбада екі ер адамның дауысы естіледі.

Олар жануар қыңсылауын тоқтатып, өртеніп кеткенше видео түсірген. Бейнежазба еліміздің қай аймағында түсірілгені белгісіз, бірақ павлодарлық полиция тексерісті бастады.

– Бұл бейнеролик Павлодар полиция бөлімінде тіркелді. Тексеру жүргізілуде. Егер осы жағдай туралы ақпарат болса, полицияға хабарласыңыздар, - деді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, әлеуметтік желідегі пікірлер бойынша көпшілік ҚР ІІМ-нен кінәлілерді тауып жазалауды сұрайды. Бейнежазбаны жүйке жүйесі нашар адамдарға көрмеуді ұсынамыз.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар