Полиция бекеттері, дрондар, бейнебақылау камералары: Алматыдағы Сайран көлінде тәртіп қалай бақыланады

cover Фото: odome.kz

Соңғы екі аптада полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бұзудың түрлі фактілері бойынша 120-дан астам адамды жауапкершілікке тартқан, деп хабарлайды Orda.kz.       

Жақында Сайран көлінің жағаласында Алматы қалалық полиция департаменті басшылығының, Алмалы және Әуезов аудандары әкімдерінің, сондай-ақ мердігер ұйым өкілдерінің қатысуымен көшпелі жұмыс жиыны өтті.

«Алдағы уақытта жағалау аумағында екі модульдік полиция бекетін орнату, сондай-ақ дрондарды қолданып патрульдеу жоспарланып отыр. Бұл құқықбұзушылықтарды жедел анықтауға және жолын кесуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, көл жағалауына бейнебақылау камералары орнатылады, олардың дабылы Алматы қалалық ПД Жедел басқару орталығына тікелей беріліп отырады», – деп хабарлады полиция өкілдері. 

Алматы қаласындағы Сайран көлінде қоғамдық тәртіптің қалай қамтамасыз етілетіні туралы полиция мәлімдеді.

«Біз үшін Сайран көлі тек демалыс орны ғана емес, құқықбұзушылықтың алдын алу тұрғысынан үнемі бақылауда болатын аумақ саналады. Мұндағы қауіпсіздік пен тәртіп – бәрімізге ортақ міндет. Полиция әкімдік және мердігер ұйымдармен бірлесіп бақылауды қамтамасыз етеді, бірақ азаматтардың да белсенді қатысуы маңызды», – деп атап өтті полиция. 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар