Полицейлер көліктер мен жалға алынған пәтерлерді тексереді

cover Фото: newsroom.kz

Өңірлерде «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу шарасы құжаттарды, көлікті және жалға берілетін пәтерлерді тексеру жалғасады.

Шараның мақсаты – жағдайды жақсарту және құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Шара аясында өңірлерде:

  • жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды және оларда бар заттарды тексеру;
  • жалдамалы пәтерлерді, қараусыз қалған үйлерді, жатақханаларды, саяжайларды, базарларды, техникалық қызмет көрсету станцияларын, шаруа және фермер қожалықтарын, шалғай елді мекендерді, қыстауларды және басқа да шалғай жерлерді тексеру;
  • атыс қаруын, травматикалық қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және т.б. алу;
  • тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдарды, заңсыз көшіп келушілерді анықтау;
  • бұрын сотталғандарды және ішкі істер органдарында есепте тұрған басқа адамдарды тексеру.
  • Ішкі істер министрлігі азаматтарды жедел-алдын алу шараларына түсіністікпен қарауға және полиция қызметкерлерінің талабы бойынша құжаттарды ұсынуға шақырады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар