Перизат Қайратқа қатысты сот басталды
Коллаж: Orda.kz
Астанада «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қорының басшысы Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі басталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін алдын ала тыңдаулар өтіп жатыр.
Айыпталушылар БАҚ өкілдерінің сот отырысына қатысуына қарсы екенін мәлімдеп, фото және видео түсіруге рұқсат бермеді.
Тергеу мәліметінше, Перизат Қайратқа су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтар мен қақтығыстан зардап шеккен палестиналықтарға көмек ретінде жиналған 3,5 млрд теңге көлеміндегі қаражатты жымқырды деген айып тағылып отыр.
Бұл іске Перизаттың анасы Ғайни Алашбаева да тартылған. Оған алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру баптары бойынша айып тағылған.
Тергеу нұсқасы бойынша, Перизат Қайрат миллиардтан астам теңгені қолма-қол ақшаға айналдырып, жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Қаражат жөндеу, жиһаз, жол жүру және киім-кешек шығындарына кеткен. Солардың арасында 6,9 млн теңгеге сатып алынған Rolex сағаты да бар.
Жаңалықтар
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты