Перизат Қайрат сотында Головкиннің 10 млн теңгеге сатылған қолғаптары сөз болды
Фото: instagram/ gggboxing
Астанада Перизат Қайратқа қатысты сот отырысында MM Group құрылыс компаниясының негізін қалаушы Мөлдір Сүйіншәлі куәлік берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның айтуынша, 2021 жылы Перизат Қайрат оны мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығын салуға қаржылай қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған қайырымдылық кешіне шақырған.
«Бізге жиналған қаражаттың барлығы ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған орталықтың құрылысына жұмсалатыны айтылды. Сол кеште өткен аукционда мен Геннадий Головкиннің қолғаптарын 10 миллион теңгеге сатып алдым. Ақшаны ресми түрде қордың есепшотына аудардық. Жобаға ешқандай күмәнданбадым. Бұл қорды жаңалықтардан көріп, мемлекеттік ұйым деп ойладым», – деді кәсіпкер.
Сотта Перизат Қайраттың қорғаушысы жәбірленушінің еш шағым айтуға негізі жоқ екенін мәлімдеді. Оның сөзінше, Мөлдір Сүйіншәлі аукционда қолғапты алған, яғни, өзі қалаған затын иеленген.
Бірақ Мөлдір Сүйіншәлі бұл қаржыны қайырымдылық мақсатта аударғанын айтып, азаматтық талабынан бас тартпайтынын мәлімдеді.
«Егер ол орталық шынымен салынса – менде ешқандай сұрақ туындамайды. Бірақ ақша діттеген жеріне жетпесе, мен оның қайтарылғанын қалаймын», – деді ол.
Еске салсақ, бұған дейін қайырымдылық қорына жиналған қаражатты жымқырды деп айыпталған Перизат Қайрат өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып, Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбекті сотқа шақырып, одан жауап алуды талап етті.
Жаңалықтар
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты