Перизат Қайрат ісінде пайда болған тың деректер: Күдікті анасы мен мүмкіндігі шектеулі балалардан 22 млн жымқыру
Фото: инстаграм/ 01pk
Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов 1,7 миллиард теңге ұрлады деп күдікке іліккен Перизат Қайраттың ісіне қатысты пайда болған тың деректерді айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұған дейін бұл іс бойынша негізгі эпизодтар ретінде су тасқынынан зардап шеккендерге қаражат жинау мен Палестина азаматтарына көмек ретінде қаражат жинау тіркелсе, енді тағы да жаға ұстатарлық жайттар пайда болды.
Нақты айтар болсақ, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығын ашу үшін қаражат жинау. Перизат Қайрат осы арқылы заңсыз түрде шамамен 22 миллион теңге пайда тапқан. Бұл ақшаны ол көлік, пәтер, жеке үй және басқа да жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.
Сонымен қатар Перизат Қайраттың анасы қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілігіп, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.
«Біз оны қылмыстық кодектсің 190-бабы, яғни алаяқтық және 218-бабы - қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру бойынша Қайраттың сыбайласы ретінде қарастырып отырмыз. Алайда оған әзірге айып тағылған жоқ және бұлтартпау шарасы белгіленген жоқ», — деді агенттік төрағасының орынбасары.
Жаңалықтар
- Италияда XIV қысқы Паралимпиада ойындары ашылды
- СІМ шиеленіс жағдайында Таяу Шығысқа саяхатты азайтуды ескертті
- Трамп Иран басшылығын толық ауыстыруды қолдайтынын айтты
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды